Небәрі 18 сағат кеткен: Малавиде 3D принтерде басылған әлемдегі алғашқы мектеп ашылды

Малавиде 3D принтерде басылған әлемдегі алғашқы мектеп ашылды. Мектеті «салуға» небәрі 18 сағат уақыт кеткен.

Қабырғаларын 14trees басып шығарды. Ол қол жетімді баспана құруға мамандандырылған компания.

Малавиде оқушыларға 36 мың сынып жетіспейді. Оларды дәстүрлі әдіспен салу үшін 70 жыл қажет болады. 3D басып шығару арқылы мәселені он жыл ішінде шешуге болады. Мұндай оқу орындары Кения мен Зимбабведе де орнатылмақ.

Back to top button