Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан жоғары білімді биотехнолог ұсталды

Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан жоғары білімді биотехнолог ұсталды

Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан жоғары білімді биотехнолог ұсталды
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда жоғары білімді биотехнолог маман элиталы тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған. Бұл туралы “Еуразия” арнасы хабарлады.

27 жастағы жігіт сол жерде  мефедрон мен амфетаминді жасап, интернет-дүкен арқылы сатып келген.

Үйді тінткен кезде синтетикалық есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттер, есірткі сататын дербес компьютер табылды.

 width=

Бұдан бөлек, синтетикалық есірткінің 60-тан астам бір рет қолдануға арналған дозасы тәркіленді. Қалалық саябақтардың бірінде жүргізілген жедел-тергеу шаралары кезінде күдікті полицейлерге есірткіні жасырған орындарды көрсеткен.

Күдікті қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.