Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан жоғары білімді биотехнолог ұсталды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан жоғары білімді биотехнолог ұсталды

Нұр-Сұлтанда жоғары білімді биотехнолог маман элиталы тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған. Бұл туралы “Еуразия” арнасы хабарлады. 27 жастағы жігіт сол жерде  мефедрон мен амфетаминді жасап, интернет-дүкен арқылы сатып келген. Үйді тінткен кезде синтетикалық есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттер, есірткі сататын дербес компьютер табылды.