Аптап ыстықтан миллиардтаған теңіз жануары қырылып жатыр

Канадада аптап ыстық салдарынан миллиардтаған теңіз жануары қырылып қалды, – деп жазды ҚазАқпарат.

Канаданың жағалау аймағының жүздеген шақырымында Британдық Колумбияның Тынық мұхиты жағалауындағы жартасты жағалауларда мекендейтін мидиялардың, ұлулардың, теңіз жұлдыздарының бос қабықтары жағаға шығып қалған.

Биологтар жағалау бойындағы кейбір жерлерде +50 градус температураны тіркеді. Әдетте мұндай теңіз жануарлары +30 градусқа дейінгі ыстыққа ғана төтеп бере алады.

Британдық Колумбия университетінің теңіз биологы Кристофер Харлидің айтуынша, актинийлердің, тас балықтардың және устрицалардың жаппай қырылу фактілері де тіркелген.

Оның санауынша, аптап ыстықтың салдарынан миллиардтан астам теңіз жануарлары қырылған. Балық пен жануарлардың популяциясын қалпына келтіру үшін екі жылдан астам уақыт қажет болмақ.

Айта кетер жайт, АҚШ-тың батыс жағалауындағы және Канададағы аптап ыстық жүздеген өлімге әкелді.

Канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, тек Британдық Колумбия провинциясында тұрақты жоғары температураға байланысты себептерден болған өлім жағдайларының саны жарты мыңға жуықтады.

Back to top button