Баян Мақсатқызы сотта күйеуін кешірді

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін кешірді

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін кешірді
ашық дереккөзі
Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталып отырған күйеуі Бақытбек Есентаевты толықтай кешірді. Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысынан кейін "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұхбатында Баянның қорғаушысы Марат Асқарбеков мәлім етті. "Баян күйеуін кешірді, өте дұрыс шешім жасады деп ойлаймын. Бұндай шешімді кез-келген əйел қабылдай алмайды. Білеміз, Баянға оңай болмады, бірақ ол балалардың тағдырын ойлады. Батыл шешім", - деді ол. Адвокаттың айтуынша, Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Айыпталушының туған бажасы болып табылатын Марат Асқарбеков жалпы Бақытбек Есентаевтың жақсы азамат екенін де атап өтті.  Марат Асқарбеков - Баянның әпкесі Бәтестің жұбайы, танымал актриса, әнші Аша Матайдың әкесі. Бүгінгі сот процесіне Баян Мақсатқызының өзі қатысқан жоқ. Сот ертең де жалғасады.