Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Қазгидромет 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды. Республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, найзағаймен жаңбыр күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің тек қиыр солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысында таңертең және күндіз дауыл, шаңды дауыл соғып, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғарлайды.