9 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

9 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

9 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1906 жылы Ресейдің Выборг қаласында бірінші Мемлекеттік Думаның таратылуын заңсыз деп таныған депутаттар халыққа үндеу жолдады. Бұл үндеу тарихта Выборг үндеуі деген атпен қалған. Думаны тарату туралы патша жарлығына қарсы халықты салық төлеуден, әскери міндеткерлікті өтеуден бас тартып, наразылық білдіруге шақырған бұл үндеуге қол қойған 200-ге жуық депутаттың басым көпшілігін кадеттер партиясының өкілдері құрады. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханов пен Сәлімгерей Жантөрин де болды. 1907 жылы желтоқсанда үндеуге қол қоюшылар сотқа тартылып, олардың ішінде 167 адам 3 ай мерзімге абақтыға жабылып, ендігі жерде Думаға мүше болу құқығынан айырылды. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік салық қызметі құрылды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» ҚР Заңы жарық көрді. 2007 жылы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы археологиялық-этнографиялық орталықтың кезекті экспедициясының мүшелері сармат дәуірінен жеткен алты обаны тапты. Сармат дәуіріне қатысты бірнеше көне құмыра, ежелгі халықтың басқа да тұтынған ыдыс-аяқтары Атырау облысының Қызылқоға ауданынан табылды. 2009 жылы «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында «Ежелгі Қазақстандағы қару және қару-жарақтар» топтамасының көркемдік маркасын айналымға енгізді. Маркада XVIII ғасырдағы батырдың қалқаны бір топ жауынгердің бейнесінде бейнеленген. Марка төрт бояуда офсет, бұрғылап тесу әдiсi бойынша орындалған, өлшемі - 50х38 мм, таралымы - 30 мың дана. Суретшiсі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалар Бейжіңнің (ҚХР) пошталық таңбалар фабрикасында басып шығарылған. 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы «Азия тұрғындарына таза су үшін» ұранымен халықаралық марафон маршруты өтті. Үш адам 150 күннің ішінде алты мемлекеттің аумағын кесіп өтті. 2015 жылы алғаш рет қазақстандық төреші Бірлескен күрес әлемінің (United World Wrestling - UWW) супервайзері болды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша рефери Бақытжан Жақсықұлов Франкфурттағы (Германия) төрешілер семинарына қатысты. Оның қорытындысы бойынша UWW президенті Ненад Лалович қазақстандықты супервайзер етіп тағайындады. 2017 жылы Үндістанның Бхубанешваре қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлеттер екі алтын және бір күміс медаль алды. 2018 жылы Болгарияда KWU Camp 2018 халықаралық жазғы лагерь аясында киокушинкай-кан каратэден «Varna Cup 2018» дәстүрлі кадеттер турнирі өтті. Онда Ақмола облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әлемгүл Сабырхан 65 келіден астам салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. 2019 жылы 9 жасар мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңінен үзінді оқып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эстафета жолдады. «Кішкентай балдырған қызымыз Ләйлім-Шырақ Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз. Биыл 30 мамырда данышпан Абайдың 175 жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз»,– деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып берді. Кейіннен бұл эстафета Қазақстандағы және шет елдерегі қалың көпшіліктің қолдауына ие болды.