Елімізде дельта штамның таралуы өсіп барады

Еліміздің барлық өңірлерінде дельта штамының өсуі соңғы бір аптада артып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов айтты.

«Соңғы аптада дельта штамның таралуы өткен аптаға қарағанда республиканың барлық өңірінде өскен. Сырқаттану көрсеткішінің өсімі 1,9 есе болды. Өңірлердегі төсек-орын қорын мониторингілеу деректеріне сәйкес, 8 шілдедегі жағдай бойынша төсектердің республика бойынша жүктемесесі – 37 пайыз, реанимациялық төсектердің жүктемесі – 32 пайыз», – деді вице-министр.

 

Back to top button