Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА: Túrkistan талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА: Túrkistan талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА: Túrkistan талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие
ашық дереккөзі
– Құрметті Túrkistan халықаралық газе­тінің ұжымы! Сіздерді биылғы URKER-2021 ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік газеті» номинациясында жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттық­таймын! Túrkistan уақыт талабына сай ақпарат таратып, ұлттық құндылықтарымыз бен төл өне­рімізді дәріптеп, салиқалы ұрпақ қалып­тастыруға сүбелі үлес қосып, жыл өткен сайын оқырман аясын кеңейтіп келе жатқан іргелі басылымның біріне айналды. Әрдайым Ұлы дала елінің жақсылықтарын жарқырата көрсетіп, кемшін тұстарын сын тезіне алып, сан саладағы көкейкесті мәселелерге үн қо­сып келесіздер. Сонысымен газет талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие. Алдағы уақытта да редакция тәжірибелі мамандар салып кеткен кәсіби сара жолды абыроймен жалғастырып, халықты сапалы дүниелерімен сусындата беруіне тілектеспін. Осы ерекше сәтті пайдалана отырып, ұжым­ға шығармашылық шабыт, жемісті жұ­мыс, толайым табыс тілеймін!