Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ: Túrkistan апталығы – тәуелсіздік жылдарының жылнамасы, қоғамның құбыланамасы
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ: Túrkistan апталығы – тәуелсіздік жылдарының жылнамасы, қоғамның құбыланамасы
– Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасап келе жатқан байсалды басылымдардың бірі – Túrkistan газеті. Түбі бір түркі халықтары тұтастығының символы саналатын киелі атауды алған басылымның ақпарат айдынындағы орны бөлек. Túrkistan апталығы – тәуелсіздік жылдарының жылнамасы, қоғамның құбыланамасы. Халықаралық басылым өзінің байыпты да бағамды бағытынан айнымай, ел ықыласына бөленіп келеді.
Халық жазушысы Қалағаң, Қалтай
Мұхамеджанов негізін қалаған басылымда Жазушылар одағының көптеген мүшесі жұмыс істеді. Әдебиет пен журналистиканы тел игерген белгілі қаламдастарымыздың қарымды еңбегі басылым беделін арттыра түсті.
Басылым биылғы URKER-2021 ұлттық сыйлығы аясында «Жылдың үздік газеті» атанған екен. Жүлде құтты болсын! Апталық ұжымына бұдан да зор табыстарға жете беруіне тілектеспін!