Мағауия САРБАСОВ: Túrkistan – қандастар мәселесі­нің оң шешілуіне ықпал етті

Мағауия САРБАСОВ: Túrkistan – қандастар мәселесі­нің оң шешілуіне ықпал етті

Мағауия САРБАСОВ: Túrkistan – қандастар мәселесі­нің оң шешілуіне ықпал етті
ашық дереккөзі
– Túrkistan халықаралық газеті отандық мерзімді басылымдар арасынан өз орнын алып, 1994 жылдан бері халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Қаламы қарымды, ойы жүйрік газет журналистері мен шетел­дердегі меншікті тілшілер сан алуан өзекті тақырыптарды көтере білді. Газет ұжымының елге келген қандастарға арналған «Атажұрт» жобасы аймақтардағы сан түрлі түйткілді мәселелерді қоғам на­зарына ұсынды. Қандастарымыз кездескен қиындықтардың оң шешілуіне ықпал етті. Заман ағымына сай газеттің сайты да ел іші – сыртындағы жаңалықтарды оқырман қауымға жылдам ұсынып отырады. Газет биылғы URKER-2021 ұлттық сыйлығы аясын­да «Жылдың үздік газеті» номинациясына ие болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей – Сіздердің жеткен жетістіктеріңізге ризашылығымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!