Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі
ашық дереккөзі
29 қазан күні Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде көптен күткен бокс кеші өтеді. Кәсіпқой рингтегі барлық 21 кездесуде жеңіске жетіп, 19-ын нокаутпен ұтқан отандасымыз Қанат Ислам, ганалық «Улы жебе» Патрик Аллотеймен жекпе-жекке түседі. Қазақстандық боксшы «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта WBO InterContinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін күресетін болады. Осы кеште Рио Олимпиадасына қатысқан бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізбек. Сондай-ақ  қазақстандық боксшыларымыз Айдос Ербосынұлы, Жанқош Тұраров, Айдар Шәрібаев, Руслан Мырсатаев және Әли Ахметов қатысып, өз шеберліктерін көрсетеді. «Қазақстан»Ұлттық телеарнасынан сағат 17:50-де тікелей эфирде бокс кешін өткізіп алмаңыздар! Сонымен қатар, kaztrk.kz  сайтында онлайн-көрсетілімді тамашалай аласыздар.