Шымкент – республикадағы ірі өнеркәсіптік орталықтың бірі

Шымкент – республикадағы ірі өнеркәсіптік орталықтың бірі

Шымкент – республикадағы ірі өнеркәсіптік орталықтың бірі
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар индустриалды жоба іске қосылды. Онлайн форматта өткен жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қа­тысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардың эко­номикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлесі үшін кәсіпкерлерге риза­шы­лы­ғын білдіріп, жаңа өндіріс орындарының ұжы­мына табыс тіледі. – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жә­не Елорда мерекесінің құрметіне орай бүгін Шым­кент қаласында бірқатар жаңа өндіріс ор­нын іске қосып отырмыз. Жаңа өндіріс же­лілерін қосуға 6,2 млрд теңге инвестиция тар­тылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс ор­ны ашылып отыр. Іске қосылған кәсіпо­рын­дар­дың ішінде 6 жоба мемлекет қолдауымен құрыл­ған өндірістік аймақта орналасқан. Олардың ішінде металл және темір бұйым­дары, корпустық жиһаз, автомобиль шыны­лары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнер­кәсіп жобалары іске асты. Өндірістік ай­мақтардың инфрақұрылымы мемлекет тарапынан жүргізілді. Жаңа өндіріс орын­дары­на арнайы жер бөлдік. Аймақта орна­лас­қан кәсіпорындар жер, мүлік және кор­пора­тивті салық түрлерінен босатылды. Төмен та­ри­фтегі инфрақұрылым жеңіл­діктерімен қам­тамасыз етілді, – деп атап өтті Мұрат Дүйсенбекұлы. Бірқатар кәсіпорын ашылды Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясат аясында Шым­кентті индустриалды қала ретінде да­мытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабыл­дан­ған «Бизнестің жол картасы-2025», «Қара­пайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нә­тижелі жұмыспен қамту бағдарламалары та­бысты іске асып келеді. Бұл қала эко­но­ми­касының дамуына үлес қосып, халықты жұ­мыс­пен қамтуға, тұрмысын жақсартуға мүм­кіндік береді. Іске қосылған кәсіпорындардың қа­та­рын­да жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өн­ді­ре­тін SAGITEX GROUP ЖШС фабрикасы бар. Жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жы­лына 400 000 дана ішкиім өнімдерін тігіп, са­тылымға шығаруды жоспарлап отыр. Өн­діріс орны үшін «Оңтүстік» арнайы эко­но­ми­калық аймақтан 1 гектар жер берілген. Мұн­да әзірге 11 адам жаңа жұмыс орнымен қам­тылған. Сонымен қатар осы күні автомобиль шы­ныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК жұмысын бастады. 20 жұмыс орны ашылған кәсіпорынға 40 млн теңге инвестиция тартылған. Енді мұн­да жыл сайын 5 000-нан аса шыны шы­ғарылатын болады. Мереке қарсаңында ашылған зауыттың бірі – KASPY STEEL ЖШС. Металл бұйым­дарын құюмен айналысатын кәсіп­орын­да 40 адам жұмыспен қамтылып, инвес­тиция көлемі 400 млн теңгені құраған. Кәсіп­орын­ның өндірістік қуаты жылына 1 000 тон­налық металл өнімдерін шығаруға мүм­кіндік береді. Ал TABA INDUSTRIAL ЖШС «Тассай» ин­­­­дустриялық аймағында орналасқан. Жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Мұнда жылына 150 000 дөңгелек, 300 000 бақ­ша арбасы, 60 000 баспалдақ шығарылатын болады. Осы күні «СК-АЙМАҚ» ЖШС шкаф жиһа­зы өнімдері мен құрылымдары өндірісін іске қосты. Кәсіпорын жобалаудан бас­тап дайын өнім шығаруға дейін толық тех­нологиялық циклын жүзеге асырады. Жобаның инвестиция көлемі – 500 млн теңге, онда 50 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаттылығы жылына 7 000 жиһаз өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін «Тассай» индустриялық айма­ғынан 1,8 гектар жер бөлініп отыр. Айта кетейік, бүгінде «Тассай» ин­дустриялық аймағында жалпы құны 28,1 млрд теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген. Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінге дейін 2 293 жаңа жұмыс орнымен 26 жоба жүзеге асы­рылған. Жыл соңына дейін 12 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосып, 290 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Тәуелсіздік жылдары 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген Жалпы, Шымкент қаласы – рес­пуб­ли­каның ірі өнеркәсіптік орталық­тары­ның бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда. Тәуелсіздік алғаннан бері Шымкент қаласының өнеркәсібі – экономик­а­ның негiзiн қалайтын және айқындайтын секторлардың бiріне айналды. Өткен жылдың өзінде өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнімнің төрттен бірін құрады. Алғашқы тәуелсіздік жылдары қаладағы өнеркәсіп орнымен 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, өткен жылдың қорытын­ды­сымен өнеркәсіп өнімнің көлемі 654,2 млрд тең­геге дейін жетіп, 66 есе өскен. Биыл бұл көр­сеткішті 700 млрд теңгеден асыру жос­пар­ланған. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері Шым­к­ентке 2,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Қазір қала аумағында 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 шетелдік инвес­тициялық жоба іске асырылды. Соңғы екі бесжылдықта 184 млрд тең­геге 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, онда 7,5 мыңнан астам жаңа жұ­мыс орны құрылған. Қаланың инвестициялық тар­тым­ды­лығын арттыру, шағын және орта биз­несті дамыту үшін кәсіпкерлерге және ин­весторларға қолайлы жағдай жасау мақса­тында елімізде алғашқы болып үшінші мега­полисте «Оңтүстік» және «Тассай» индус­триялық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, тиімді жұмыс жасауда. 1991 жылы Шымкент қаласында 6 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мың адамды құраған. Тәуелсіздіктің 30 жы­лында шағын және орта кәсіпкерлік сала­сындағы көрсеткіш бүгінде 7 есе өсіп, олардың саны 70 мыңға, ал онда жұмыспен қам­тыл­ғандар қатары 164 мыңға толыққан. 2018 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи шешімімен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала ретінде айқындалды. Бүгінде Шым- кент өнеркәсіп пен сауданың орталығына айналды.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы