4 баланың анасы вакцина алғандар арасындағы лотереядан миллион ұтты

АҚШ-та 4 баланың анасы колорадолық Хейди Рассел COVID-19-ға қарсы вакцина салғандар арасындағы лотереядан миллион доллар ұтып алды.

Мамырда губернатор Джаред Полис екпе алғандар арасында өтетін лотереядан бес тұрғын осындай сома ұта алатынын хабарлаған болатын. Ақша иммундау ауқымын арттыру мақсатында штатқа бөлінген федералды қаражаттан беріледі.

«Бұл ұтыс төрт баланы өсіруге көмек болады. Алайда мен осы қаражатпен басқаларға да көмек көрсете аламын деген үміттемін», – деді жеңімпаз CBS телеарнасына.

Отбасының басқа мүшелері де ұтысты тиімді жұмсайтынын айтты.

Расселдің сөзіне қарағанда, ол осы қаражаттан қыздарының бірінің колледждегі оқу ақысын төлемек.

Back to top button