Қазақ өркениетін зерделеген ғалым

Қазақ өркениетін зерделеген ғалым

Қазақ өркениетін зерделеген ғалым
ашық дереккөзі
Мемлекеттік мүддені көздеп, ұлттық құн­дылықтарды ұлықтауда елеулі ең­бегімен ел мәдениеті және тари­хы­­на өлшеусіз үлес қосып келе жат­қан ғалымдар аз емес. Сондай тұлғалары­мыз­дың қатарында Қа­зақстан Ұлттық жара­ты­лыстану ғылымдары ака­демиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құр­метті қыз­мет­кері, профессор Еренғайып Омаров­тың есімі ерекше аталуының өзіндік се­бебі бар. Шынында, Еренғайып Сәліпұлы­ның аты аталғанда Қазақстан тәуелсіздігімен бірге түлеген тұңғыш Қай­нар университетін ашқаны және Қа­зақ өркениеті мен тарихы институтын құр­ғаны еске түседі. Еліміздегі жара­ты­лыстану және қоғамдық ғылымдардың дамуына бірдей қомақты үлес қосып ке­ле жатқан ғалымның шығармашылық шең­бері кең, таңдаған салалары сан алуан болып келетінін ғылыми орта жақ­сы біледі. М.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университетінің тү­легі екені, атомдық және молекулалық физика мәселелеріне арналған моногра­фиялық еңбектер жариялап, диссерта­ция қорғағаны өз алдына бір әңгіме. Бұл мақалада академик Е.Омаров­тың нақты ғылымдардан өзге, қо­ғамдық-гуманитарлық, оның ішінде тарих ғылымы бойынша терең ізде­ніс­тер нәтижесінде қол жеткізген зерттеу­лері сөз болмақ. Атап айтқанда, қазақ өр­кениетінің әлем өркениетіндегі бір көрінісі ретінде алатын орнын айқындау үшін мол материалдар негізінде жинақ­тал­ған дәлелдері мен дәйектері, ұстана­тын ұстанымдары баяндалатын болады. Реті келгенде айта кететін нәрсе, ғалым «Ғұмыр бойы оқу» заманауи трендтер қа­ғидасына сүйене отырып, тарих ма­мандығы бойынша магистратура тәмам­дап, PhD докторы (Германия) атағын алуы­ның өзі діттеген мақсатына жету үшін аянбай еңбек етудің үлгісін көр­сет­се керек. Ол 1997 жылы Қайнар универ­си­тетінің жанынан Қазақ өрке­ние­ті мен тарихы институтын ашып, қа­зақ өркениетін зерделеудегі қадау-қа­дау қадамдарды, еліміздің рухани да­муындағы қолға алынар зерттеулерді зер­делеуде атқарылар іс-шара бойынша жос­пар әзірлеп, оның іске асыру тетік­терін тиянақтайды. Атап айтқанда, инс­титут мақсаты – қазақ өркениетінің өзін­­дік ерекшеліктері мен оның көш­пен­ді, Қытай, Ислам, Еуропа сияқты бас­қа әлемдік өркениетпен байланысын анық­тау. «Өркениет» ұғымының негізі ре­тінде оның француз тіліндегі лингвис­тикалық мағынасы алынады. Осы мағы­на ел мен оны мекендейтін этностардың мәдениеті мен өркениеттік аспектілерін жан-жақты зерттеуді меңзейді. Оған Ор­талық Азия мен Қазақстан геогра­фия­сын, тарихын (тарихнама және дерек­тану), қазақ тарихын, қазақ филосо­фия­сын, филологиясын, мәдениетін, дінін, қа­зақ менталитеті мен этнопсихо­ло­гия­сын зерттеу сияқты мағыналар сыйғы­зы­лады. Институт міндеті – қазақ өрке­ние­тінің қалыптасу мәселелері, оның кө­недегі, орта замандағы, жаңа заман­дағы даму процестері мен қазіргі кездегі ахуалын айқындауға жол ашады. Институт жанында «Қазақ ци­ви­лизациясының қайнар көзі» ат­ты теориялық-әдістемелік семинар да Ерен­ғайып Сәліпұлының жетекшілігімен өткі­зілген болатын. Мұнда Қазақстан же­рін­дегі этностардың, әсіресе қазақ­тар­дың тарихы, философиясы, фило­ло­гиясы, мәдениеті, діні, олардың өрке­ниет­тік аспектілері жүйелі түрде зерт­те­леді. Семинарға қатысушылар қазақ менталитеті, қазақ этнопсихология­сы­ның қалыптасуы мен генезисі секілді маңызды мәселелерге аса көңіл бөледі. Университетте тұрақты түрде өт­кі­зілетін көптеген халықара­лық кон­ференцияларда, оның ішінде екі жыл­да бір өтетін «Өркениеттер фору­мы», дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференцияларда қазақ өркениеті та­қырыбы терең талқыланатын, пікір ал­масатын ғылыми орталықтарға ай­налғанын айта кетсек, артық болмас. Уни­верситет ғалымдары Қазақстандағы жә­не шетелдегі ірі ғылыми-зерттеу инс­титуттарының ғылыми шараларына бел­сенді араласуының арқасында қазақ өр­кениеті институтының танымалдығы ар­та түсті. Франциядағы Қазақстан елші­лі­гінің араласуымен Е.Омаровтың өті­ніші бойынша 1998 жылы Нанси, Гавр және Париж қалаларындағы уни­вер­си­теттер бойынша турне ұйымдастырылды. Ғылыми тұрғыдан Гавр мен Нанси қа­ла­ларындағы Universite du Havre халықара­лық қатынастар факультетінің басшы­ларымен кездесу тиімді нәтиже берді. Факультет деканы Гавр қазақ өркениеті жайлы лекциялар курсын ұйымдас­тыру­ға көмек көрсетуді сұрады. Е.Омаров осы курстарды дайындау арқылы алғаш рет жаңа ғылыми бағыт ретінде Қазақ өр­ке­ниетінің әдіснамалық және теория­лык негізін баяндады. Бұған дейін әлем­дік ғылымда бұл мәселе терең қарас­тырыл­мағанын атап өтсек. Соңғы кезде Е. Омаров Қазақ­стан­ның көне тарихы мен қазақ ер­ке­­ниетін ғылыми тұрғыда зерттеуге ерек­­ше көңіл бөліп жүр. Зерттеулер нә­ти­­жесі бойынша ол 2001 жылғы 16-18 шіл­де күндері Аустралияда ғаламдық өр­­кениет туралы Бірінші халықаралық конгресте баяндама жасады. Ғалымның бұл баяңдамасын Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жоғары бағалады. Сон­дай-ақ 2001 жылы ол Сорбонн Париж-2 және ФАКО университеттері студенттері алдында «Қазақ өркениеті» тақыры­бын­да баяндама жасап, жалпы өркениеттегі қа­зақ өркениетінің алатын орнын ай­қын­дап берді. Француз режиссері, доктор Кат­рин Пей (Саtherine Реіх) Ал­ма­ты­да алманың Маlus sіеуегsі жабайы сор­ты туралы ғылыми-танымдық фильм тү­сірді. Қайнар университеті және Е.Ома­ров­тың өзі оларға кино тү­­сіруге және сценарийді талдауда кө­мек көрсетті. Фильм 2010 жылы түсіріліп біт­ті, Парижде тұсаукесері өтті. 2010 жы­­­лы Францияда Катрин Пейдің бел­се­не қатысуымен «Алма» ассоциациясы құрыл­­ды (Саtherine Реіх-Ргеsіdente dе I’Association Аlma), бұл ассоциацияға Е.Ома­ров шетелдік мүше ретінде тіркел­ген. Қазір Е.Омаровтың Катрин Пей ха­­­ныммен бірге Аттила және Өркениет­тер туралы өзге де деректі фильмдер түсіру ойы бар. Сондай-ақ Лиссабон географиялық қоғамының көмегі арқылы қоғам мұрағатынан Ежелгі Қазақстан терри­тория­сы белгіленген көне карталар та­былды. Ал ең бір тамаша жаңалықтар Лис­­сабонның орталық археологиялық мұражайында тұрған балбал тастар бол­ды. Бұл балбалдар Еуразияның барлық ай­мақтарында кездесетін балбалдардан аумайды. Бұл сәулет үлгілерінде бейне­лен­ген адамдар түр-тұлғасы айқын және азиат­тарға ұқсайды, ал киімдеріндегі ор­наменттер дәл қазақтікі. Орнамент­тер­­де қазақ оюлары мен киіз үй кере­ге­лері бейнеленген. Бұл сәулет үлгілерін олар б.д. І-ІІ ғасырға тиесілі және Порту­га­лияның солтүстігінен табылған. Бұл ұйым­ның қызметкерлері Луис Айрес Варрос және хатшы Анил Самарт ғалым Е.Омаровпен ортақ ғылыми ізденістерін жалғастыруды жоспарлап отыр. Анил Самарт пен Е.Омаровтың ор­тақ жұмыстарының нәтиже­сін­де «Ертедегі үнді-сақ мәдени-өрке­ние­т­тік ықпалдастық» деген шартты атауы бар кітабы баспаға дайындалып жа­тыр. Зерттеудің кейбір нәтижелері ту­ралы мынаны айтуға болады. А.Са­март Будда пайғамбардың сақ, нақтырақ айтсақ, қассақ тайпасынан шыққаны тура­лы болжам айтады. Каспий теңізін ин­дустар өздерінің атажұрты деп са­най­ды, олардың көне тілінде ол «Сүтті теңіз» деп аталады, яғни бейнелі түрде айт­қан­да – ана сүті. Тілдегі, мінездегі көптеген сәй­кестікті айтпағанда, тарихи тұр­ғыдан алғанда моғолдар мен ақ ғұн­дар­дың басым бөлігі солтүстік Үндістанға көшіп келген. Профессор Е.Омаров бірнеше жыл қатарынан жаһаңдық өр­ке­­­ниет мәселелеріне байланысты ха­лық­­­аралық жобаға атсалысып, Сидней (Аустралия) мен Нью-Йорктегі (АҚШ) кон­ференцияларға қатысты. ҚХР Қоғамдық ғылымдар ака­де­мия­сының Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азия институтымен (Пе­кин), Украина Ұлттық ғылым академия­сының философия және А.Крымский атындағы шы­ғыстану институттарымен (Киев), Чэнчи университетінің Ресей инсти­тутымен (Тайвань), Стокгольм универ­си­тетінің Азия-Тынық мұхит зерттеулер инс­титутымен, Уппсала университетімен (Швеция) ынтымақ­тастық қатынастар ор­натуының негі­зінде ұзақмерзімді ғы­лыми жобаларды қолға алу мүмкіндігі туып отыр. 2010 жылғы тамыз айында оның бас­қаруымен университет ғалымдары Қытай және шетел ғалымдары тобымен бір­ге Ұлы Жібек Жолының солтүстік бө­­­лі­гімен жүріп отырып, Үрімші, Қорла, Қарашар, Ақсу және Қашғар қалаларын ара­лап шықты. Осы ғылыми-прак­ти­калық экспедиция барысында Махмұд Қаш­ғари, Жүсіп Баласағұн, Аппақ Қожа, Сатүқ Боғра хан, Моғолстан әміршісі Тоғ­лұк Темір сияқты түркі әлемінің ұлы қай­раткерлерінің кесенелеріне тағзым еті­ліп, тарихи тағылымдарына назар ау­дарылды. Еренғайып Омаров тарихшы ретінде Ұлы Жібек Жолын басы­нан аяғына дейін жүріп өту мақсатын алдына қой­ған. Ол Түркияның Стамбұл қаласынан бас­тап Қытай мемлекетінің астанасына дейінгі аралықты толықтай жүріп өтті. Кейбір жерлерін жаяу, көпшілігін, әрине кө­лікпен жүріп өтуге тура келген. Бұл бос­қа аралау емес еді, ол сол елдердің өр­кениетін және мәде­ниетін қоса зерт­тей жүрді. Е.Омаровтың осындай жемісті ғы­лыми ізденістерін ескеріп, Пор­туга­лияның астанасы Лиссабон қала­сын­дағы географиялық қоғамы ғалымды толық мүшелікке қабылдады. Ғалым сон­дай-ақ тағы бір қызық жайтқа сонда Португалиядағы археология музейінде ке­зіккен. Лиссабонның солтүстігінде адам­ның бейнесінде жасалған құл­пы­тастар табылған екен. Адамның бойын­дай жасалған балбал тастардың түрі азиаттық сипатта, тіпті қазақ сияқты, үс­терінде кигендері шапан. Ол аз бол­ған­дай шапандарында кереге мен қазақ­тың қошқар мүйізіне ұқсайтын оюлары көр­сетілген. Шамамен І-ІІІ ғасырларда жа­­­салған және көп табылған екен. Ғалымның зор ізденістерінің нәти­жесінде әр жылдары алыс-жақын шетелдерде жарық көрген «Қазақ өрке­ние­тінің қысқаша тарихы», «Қазақ өрке­ниеті», «Атилла. Өркениеттік рөлі», «Тһе Каzакһ Сivilization and Ніstогу», «Порт­рет­тер: Геродоттан Гумбольдтқа дейін сырт­тай көзқарас» секілді еңбек­тері қазақ өркениетін зерделеуге ар­налған құнды еңбектер қатарында ба­ға­ланғанын көпшілік жақсы біледі. Аталған еңбектерінде ол «Қазақ өр­ке­ниеті» атты жаңа ғылыми ба­ғыт­тың қалыптасуы мен дамуы туралы өзін­дік, ғылымға сүйенген оқшау ой­лары­мен бөліседі. «Қазақ өркениеті» кон­цепциясын ұсынған ғалым ретінде та­нымалдылығы артып келеді. Қазақ­тарда көшпенділікпен қатар өзіндік өр­ке­ниет болғанын, ертедегі қазақтар­дың кеме жасағанын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Қазақ өркениетінің – көш­пен­ділік, қалалық, өзендік, әскери, егін­шілік, дала өркениеттері болып бөлі­не­тіні туралы тұшымды тұжырым жа­са­ған. Сондай-ақ Ерекеңнің «Қазақ өр­ке­ниетінің негізі», «Атилла және өр­кениет» атты монографиялық еңбек­тері жуық арада жарық көрмек. Ғалым – 100-ден астам мақаланың авторы, оның бір бөлігі шетел басылымдарында жарияланып, алыс-жақын шетелдердегі өркениеттанушы ғалымдардың оң пікіріне ие болғанын айта кеткеніміз абзал.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті