Коронавирус аллергиясы бар адамдарға жиі жұғады - дәрігер пікірі

8 шілде, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Коронавирус аллергиясы бар адамдарға жиі жұғады - дәрігер пікірі Бүгін - Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні. Осы орайда, аллергиялық аурулардың көп таралуына себеп болатын арамшөптердің гүлдену кезеңінің басталуына байланысты медицина ғылымдарының докторы, профессор Таир Нұрпейісов аллергиясы бар адамдарға сақтық шараларын ұстану керегін ескертеді.  Сондай-ақ, маман аллергиясы бар адамдарға COVID-19 қарсы вакцина жасатуға болмайды деген жұрт арасында жүрген пікірді жоққа шығарды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы, ҚР аллергологтар, иммунологтар мен иммунореабилитологтар қоғамының төрағасы Таир Темірланұлының айтуынша, жалпы аллергияның вакцина жасауға және COVID-19 қарсы вакцина жасауға қарсы көрсеткіштері жоқ. Республикалық аллергология орталығы мамандарының ұстанымы халықаралық мәліметтермен, оның ішінде Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясының (ЕАКИА) келісім құжатында жарияланған мәліметтермен сәйкес, олар: Дегенмен, кез келген вакцинацияға, COVID-19 қарсы вакцина жүргізген кезде қарсы көрсеткіштер болады: Халық арасында вакцина жасаған кезде жедел реакция болады деген қорқыныш бар. Әдетте, жіті анафилактикалық реакция инъекция жасағаннан кейін 5-20 минут өткен соң пайда болады, көп жағдайда бірден болады. Бұл кезде адамдар вакцина жасалған жердегі медицина қызметкелерінің бақылауында болады. Егер сіздің анамнезде аллергиялық ауру бар болса, вакцинацияны медицина ұйымдарында жасағаныңыз дұрыс (тіпті стационардың жанындағы емханалардың базасында жасауға да мүмкіндік бар). Сондай-ақ, мамандар аллергиктер аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда КОВИД-19 жиі ауыратынын айтады. Демікпеге қарсы препараттарды қабылдау тіпті коронавирустық пневмонияның жеңіл ағымына әсер ете алады. Аллергиялық риниттің белгілері COVID-19 симптомдарына ұқсас болуы мүмкін (иіс пен дәмді сезбеу, жөтел, әлсіздік, дене қызуы, бас ауруы және т.б.). Сөз соңында, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығы аллергиясы бар адамдарға кеңес берді: