"Жас ұрпақтың бейнесі": Алматыда жаңа мурал пайда болды

"Жас ұрпақтың бейнесі": Алматыда жаңа мурал пайда болды

"Жас ұрпақтың бейнесі": Алматыда жаңа мурал пайда болды
ашық дереккөзі
Мурал авторларының айтуынша, бала – жас ұрпақтың бейнесі. Қолшатырда Антикордың логотипі бейнеленгені кездейсоқ емес, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл болашақ үшін күрес. «Мурал – қала кеңістігіндегі суретші мен көрермен диалогының тамаша құралы. Осы жобамен жұмыс істеген уақытта, көрерменге жақын болатын жарқын бейне жасауға тырыстық. Бүгінде Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында екі жоба істедік, әлі де бірқатар туынды ұсынуды жоспарлап отырмыз. Балалар тақырыбы жоба серіктестерінен қолдау тапқанына қуаныштымыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды тақырыпты қозғай отырып, біз «көркем» тілде сөйлеуге және Сайран автовокзалының жанында жарқын орынға айналатын позитивті образ жасауға тырыстық», - дейді автор Кристина Бекмырзаева.