Жол картасы аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Депутаттар барған бірінші нысан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры негізінде құрылған "Қамқорлық" оңалту орталығы болды. Мұнда олар емделіп жатқан балалардың ата-аналарымен және балаларымен кездесті.
Сондай-ақ, депутаттарға балаларды оңалту үшін қолданылатын барлық заманауи медициналық жабдықтар көрсетілді. Осы орталықты аралау қорытындысы бойынша балаларды оңалту үшін мемлекеттік қаражат бөлуді ұлғайту қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.
⠀
Одан кейін депутаттар 1200 орынды салынып жатқан заманауи мектепке барды, мердігерлермен кездесіп, құрылыстың барысымен танысып, аяқталу мерзімі жайлы талқылады. Сондай-ақ, депутаттар басқарма бастығы мен құрылыс бастығының баяндамаларын тыңдады. Нысанды аралау қорытындысы бойынша мектепке инженерлік желілерді жүргізуді жеделдету қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.
⠀
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Көктал-2" тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Депутаттар тренажерларды, спорт залдарын және ғимараттың инфрақұрылымын тексерді. Құрылыс аяқталу сатысында. Депутаттар құрылыс сапасы бойынша кемшіліктерді атап өтті, мердігерге аталған ескертулерді жою ұсынылды.