Астана тұрғыны “жалған терроризм” үшін бір жарым жылға сотталды

Астана тұрғыны “жалған терроризм” үшін бір жарым жылға сотталды

Астана тұрғыны “жалған терроризм” үшін бір жарым жылға сотталды
ашық дереккөзі
Астана соты жергілікті тұрғынды терроризмге қатысты жалған ақпарат бергені үшін бір жарым жылға соттады деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. Сот материалында көрсетілгендей, аты-жөні айтылмаған сотталушы 2016 жылдың 30 маусымында Астанадағы Sine Tempore сауда үйінде әлдекімдер терактіге дайындалып жатыр деп полицияға хабарлаған. «Сауда орнына келген құқық қорғаушылар терроризм актісіне дайындық туралы ақпаратты растамады», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. Астанадағы № 2 Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес, сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізеді.