Қарағандыда дала өртінен 23 жастағы жігіт қаза тапты

Қарағандыда дала өртінен 23 жастағы жігіт қаза тапты

Қарағандыда дала өртінен 23 жастағы жігіт қаза тапты
ашық дереккөзі

Қарағанды ​​облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылында дала өртінен 23 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ktk.kz

Өрт Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды. Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерді тексеру кезінде жанып кеткен УАЗ автокөлігінің ішінен 1998 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жас жігіт өрт сөндіру жасақтары еріктілерінің қатарында болмаған және дала өртін сөндіруге тартылмаған. Өлімнің себебін Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.
"4 шілдеде Қарағанды ​​облысының аумағында дала өртінің 12 ошағы бақылауға алынды, оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі дала өрті тіркелді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.