Алматыда тауға кеткен әйел із-түссіз жоғалып кетті
Алматыда тауға кеткен әйел із-түссіз жоғалып кетті
Алматыда тауға кеткен әйел із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды Azattyq ryhy.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле-Алатауында жоғалып кеткен әйелді іздестіріп жатыр. Республикалық жедел-құтқару жасағына жоғалып кеткен адам туралы ақпарат 7 шілде күні түскен.
Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген. Телефоны үйде қалған.
«Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кетті. Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығады», - деп хабарлайды Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.