Белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

Белгілі режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау маңындағы Ащысай кентінде дүниеге келген. 1979 жылдан 1982 жылға дейін Нарымбетов көрнекті кеңес кинорежиссері Георгий Данелияның шеберханасында жоғары курстарда оқыған.

2005 жылы Сатыбалды Нарымбетов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Back to top button