8 шілде күні қандай елеулі оқиғалар болды?

8 шілде күні қандай елеулі оқиғалар болды?

8 шілде күні қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1994 жылы Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесіп, көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Ортаазиялық ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойды. 1994 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында Абылай хан ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 1994 жылы қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет Территория жизни сериалының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Мастерс медиа тәуелсіз телевизиялық продюсерлік орталығы түсірген экшн жанрындағы сериал әрқайсысы 30 минуттық 8 сериядан тұрады. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті кезекті сайлауының мерзімін тағайындау туралы Жарлығы жарық көрді. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысы қабылданды. Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядтары құрылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Орман кодексіне қол қойды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы қабылданды. 2005 жылы Астанада Сыртқы істер министрлігінде ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы кітабының таныстырылымы болды. Бұл кітапта мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, дін қайраткерлерінің, зияткерлік және іскерлік әлемнің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері жинақталған. 2009 жылы Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына OLYMPIC GAMES 2010, Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны сериясынан - Жыртқыш пен бұғы және Жалаулы көмбесі коллекциялық шақалары келіп түсті. Жалаулы көмбесі шақалары 999/1000 сынамалы, proof сапалы алтыннан жасалған, салмақтары 0,5 және 1,24 грамм. Олардың ішіндегі үлкенінің құны - 8500 теңге, кішісінің құны - 4500 теңге. Жыртқыш пен бұғы шақасы да осы сынамадан жасалған, құны да осындай. OLУMPIC GAMES 2010 шақасы 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм. 2009 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында салтанатты ағдайда Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Ғалымның мүсіні қаланың басты көшесіне орнатылды. Ескерткіш авторы павлодарлық мүсінші Игорь Соболев мүсіндік портретте атақты жерлесін барынша шынайы көрсетуге тырысқан. 2010 жылы Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатына ресми түрде қазақтың саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың қолжазбалары тапсырылды. Қолжазбаларды Түркиядағы ТҮРКСОЙ Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының өкілдері тапқан. 2014 жылы Астана Моторс компаниясы Hyundai маркалы жеңіл автомобильдерін Қазақстанда жинауды бастады. 2014 жылы Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева және тұңғыш венгриялық ғарышкер Бертален Фаркаш Steinway & Sons әлемдік музыкалық брендінің ҚР-дағы өкілдігінің ашылуына қатысты. 2015 жылы Қазақ университеті баспасы Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кітапты жарыққа шығарды. Жаңа басылым - соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығарып келе жатқан белгілі Өнегелі өмір атты кітаптар сериясының арнайы шығарылымы. 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди Ақордада екіжақты келіссөздер өткізді. 2015 жылы Атырау облысында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Сәтбаев блогында барлау ұңғымасын алғаш рет бұрғылау басталды.