Биыл қылмыс азайған – Ішкі істер министрлігі

Биыл қылмыс азайған – Ішкі істер министрлігі

Биыл қылмыс азайған – Ішкі істер министрлігі
ашық дереккөзі

Бұл туралы министрлік дәстүрлі брифингінде айтты. Сонымен қатар ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы  кеңейтілген алқа отырысында талқыланды. 

– Бір апта ішінде 3 213 қылмыс жасалды, оның 2 158 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 38 тонау және 470 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.
Жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 41 кг синтетикалық есірткі тәркіленген. Оларды өндіру бойынша 10 есірткі зертханасы жойылған.
– Ауыр қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны азайған. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар 40 пайызға, мас күйінде жасалғандары 20 пайызға төмендеген, қоғамдық орындарда және көшелердегі құқық бұзушылық саны үштен бірге қысқарған, – деді Шұғыла Тұрлыбек.