"Анамның айтқанымен келіспеймін": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқанына пікір білдірді

"Анамның айтқанымен келіспеймін": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқанына пікір білдірді

"Анамның айтқанымен келіспеймін": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқанына пікір білдірді
ашық дереккөзі

Әли Оқапов Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол пікірін Instagram желісіндегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. (...) Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Себебі, біріншіден, анам айтқан музыкалық сауаттылыққа байланысты айтар болсақ, меніңше, "Грэммиде" үміткерде музыкалық білімі бар ма, жоқ па бәрібір секілді. Кез келген сәтте, бұған дейін де дарынның болуы маңызды. "Грэммиді" тек дарының болсаң, аласың. Диплом не бэкграундтың түкке қажеті жоқ. Сәттілікке қатысты айтар болсам, кез келген адамның өмірінде сәттілік үлкен рөл атқарады. Иманбектің жағдайында да сол. Айтпақшы, бұл туралы өзі де айтқан болатын. Ол бір сұхбатында бастапқыда жай ремикс жасап, оны "ВКонтакте" желісіне жүктеп, бірнеше уақыттан кейін бір паблик оны көріп, сосын тарай бастағанын айтқан. Яғни ол паблик ремиксті байқамағанда не болар еді? Одан бөлек Желіде өз тыңдарманын таба алмай жүрген қаншама мықты ремикс бар? Сондықтан бұл жерде сәттілік де бар", - дейді Әли.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)