Гаити президенті кісі қолынан қаза тапты

Белгісіз қарулы топ бүгін түнде Гаити президенті Жовенель Моизаның резиденциясына шабуыл жасады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Клод Жозеф мәлім етті, деп хабарлайды ВВС.

Президент ауыр жарақаттан көз жұмған, оның әйелі де жарақат алды. Премьер-министрдің сөзіне сілтеме жасаған Gazette Haiti порталы шабуылдаушылар испан тілінде сөйлегенін хабарлайды. Клод Жозеф ел президентінің міндетін өз мойнына алғанын мәлім етті. Ол елді сабырға шақырып, полиция мен армия елдегі тәртіпті сақтайтынын айтты.

Back to top button