Жаңалықтар

Созақта өнеркәсіп өнімінің көлемі ширек ғасырда 283 есеге өскен

ашық дереккөзі

Созақта өнеркәсіп өнімінің көлемі ширек ғасырда 283 есеге өскен

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тәуелсіздік жетістіктерін баяндаған Созақ ауданының әкімі М.Исаев мәлімдеді. Оның айтуынша,  Тәуелсіздік алған 1991 жылы  ауданда халық саны 45 мың 400 адамды құраса, бүгінде бұл 61 мың 337 адамға жетіп, 16 мыңға өскен. Ал осы жылдар ішінде ауданның жалпы өңірлік өнімі 1,5 млрд-дан 214 млрд. теңгеге жетіп,139 есеге өскен. «Тәуелсіздігімізді алған 25 жылда еліміз Елбасының сарабдал саясатының арқасында өркендеп, көркейді. Соның ішінде Созақ ауданында да 25 жылда атқарылған ауқымды жұмыстар көп. Осы жүйелі жұмыстардың арқасында ауданға ширек ғасырда 23 млрд. 642 млн. теңгеге жетіп, 576 есеге өскен. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1995 жылы 708,1 млн теңге болса, 2016 жылы 200,4 млрд. теңгеге жетіп, 283 есеге өскен»,-деді аудан әкімі. Брифингте мәлім болғандай бүгінде аудан көлемінде құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы бірқатар ірі кәсіпорындар жұмыс атқарып келеді. Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жігерлі жұмыстарының арқасында өнеркәсіп өнім көлемі артып келеді. Сонымен қатар, аудан өнеркәсібі тек ғана уран өндіруші кәсіпорындарына тәуелді болып қалмау мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауданның индустриялды аймағы құрылды. ИА жалпы құны 866,6 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іска қосылса, алдағы уақытта жалпы құны 5 550 млн. теңгені құрайтын 1 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек ауданның Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 18 583 млн. тг. құрайтын 2 жобаны жүзеге аспақ.