Асхат Аймағамбетов Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарын қысқарту керек екенін айтты

Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарын қысқарту қажет. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағы бір мәселе, Ұлттық тестілеу орталығының жергілікті филиалдарын азайту бойынша жұмыс жүргізілсін. Тек қана ең басты, ең маңызды орталықтарда да филиалдар жұмыс істейтін болады. Бүгінде электронды цифрлы тестілеуге көшкеннен кейін мұндай қажеттілік жоқ», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Сондықтан министр Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы мен осы мәселені үйлестіру құзіретіне кіретін вице-министрге осы бағыттағы жұмысты жүргізуді тапсырды.

«Олардың саны 150-ге жуықтайды. Ұлттық тестілеу орталығын барынша жинақы жасау үшін бақытыл іс-шаралар қабылдау қажет», – деді ол.

 

Back to top button