«Өте ауыр болды»: Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

6 шілдеде танымал режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен «Qazaq – The History of Golden Man» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Премьерадағы сұхбат кезінде Елбасы өзінің бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиев туралы айтып, оның жоғары лауазымға тағайындалуын «елеулі қателік» деп атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол қаржы полициясының басшысы болды. Мұны пайдаланып, ол бизнесті қысып, олардан ақша алды. Мен оған «тоқта» деп ескерттім. Елестетіп көріңізші, менің күйеу балам. Үш немерем кішкентай. Бәрі – менің қызым, үш немересі және әкесі келді. «Мен не істей аламын? Міне, ол қылмыскер», – дедім, – деп Нұрсұлтан Назарбаев естеліктерін бөлісті.

«Сіз үшін бұл өте ауыр болған шығар?»- деп сұрады Оливер Стоун.

«Өте ауыр болды»,- деді Елбасы.

Back to top button