«Қазіргісі ештеңе емес». Алматыға аптап ыстық келе жатыр

Алматыға аптап ыстық келе жатыр. Жақын күндері қаладағы ауа температурасы 38 градусқа жетеді. Осыған орай дәрігерлер мен құтқарушылар халықты абай болуға шақырады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы аптада ауа-райының күрт ысуына байланысты демалыс аймағына келетін адамдардың қарасы көбейе түсті. Тіпті, ішімдік ішіп, рұқсат етілмеген жерлерге де суға түсуге тырысатындар табылып жатады. Біз олардың барлығына дереу арада айыппұл саламыз, дейді Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Руслан Қасенов.

Денсаулығында кінәраты бар азаматтарға мұндай күнде ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Жүрегі нашарлар үшін де алдағы ыстық оңайға соқпайын деп тұр. Бұдан бөлек, судың тілсіз жау екендігін де естен шығармаған абзал. Өйткені, шомылу маусымы басталғаннан бері талай адам суға кеткен.

Мамандар дабыл қағып жатқанымен, аптап ыстықта жанына сая іздеген жұрт қала сыртындағы өзен-көлдер мен демалыс орындарына ағылып жатыр.

Back to top button