«Jas Otan» жастары Елбасыға арналған деректі фильмді талқылады

«Jas Otan» жастары Елбасыға арналған деректі фильмді талқылады

«Jas Otan» жастары Елбасыға арналған деректі фильмді талқылады
ашық дереккөзі
Елорда жастары қала күніне орай «Jas Otan Cases» кездесуін өткізді. Шараға ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілер қозғалысы қатысты. Диалог алаңында егемен мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының түрлі аспектілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының тарихи маңызы талқыланды. Елбасының қазақстандық мемлекеттілікті орнатудағы, президенттік институтты нығайтудағы және қоғамды демократияландырудағы баға жетпес рөлі атап өтілді. Пікірталасқа қатысушылар оның халықты шоғырландыруға, бейбітшілік пен келісімді нығайту процесіне, сондай-ақ елдің сыртқы саяси бағытын дұрыс анықтауға қосқан үлесі туралы айтты. «Елбасы әрқашан жастарға ерекше сүйіспеншілікпен қарайды. Оның шетелде білім алу, өз ісін ашу, спорт, мәдениет, ғылым саласындағы жастарды жан-жақты қолдау сияқты жас қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған реформалары қазірдің өзінде үлкен жемісін беруде. Бүгін мемлекеттік мереке қарсаңында біз мемлекетіміздің қалыптасуындағы, атап айтқанда, елорда – жастар үшін болашақтың қаласын салудағы Елбасының рөлі мен үлесін талқылаймыз», – деп атап өтті «Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев. Сонымен қатар, кездесуде фильмнің түсірілімі, идея қайдан пайда болғаны және осы жобаның болашақ перспективасы туралы айтылды. «Штрихи к портрету. Лидер» - бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған, көрерменге бұрын белгісіз болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Бұл фильм Елбасының баспасөз қызметімен бірлескен жоба. Әр көрермен Нұрсұлтан Әбішұлын екінші жағынан танып, оның жеке басының жаңа қырын ашатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Штрихи к портрету. Лидер» фильмінің авторы Айгүл Әділова. Шара «Штрихи к портрету. Лидер» деректі фильмнің жаңа сериясын көруімен аяқталды. Айта кету керек, іс-шара Нұр-сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті. Сонымен қатар, «Jas Otan» ЖҚ өңірлік филиалдары «Елорда күніне» орай 10 мыңнан астам адамды қамтитын 20-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырды.