Шілде айында еліміздің төрт өңірінде қуаңшылық болады - Қазгидромет

Шілде айында еліміздің төрт өңірінде қуаңшылық болады - Қазгидромет

Шілде айында еліміздің төрт өңірінде қуаңшылық болады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
Cтатистикалық болжамға сәйкес, шілде айында Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде экстремалды қуаңшылық жағдайы күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Қатты қуаң – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында (Сам). Орташа қуаң – Ақмола облысында (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облысында (Атырау). Маусым айының соңғы онкүндігінде өткен мол жауын-шашынның арқасында, орташа ылғалды жағдайлар Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болжанады. Қалған аумақтарда ылғалдану шарттары қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде. Айта кету керек, шілде айында еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілуде. Стандартты жауын-шашын индексіне негізделген ылғалдандыру жағдайларының статистикалық болжамын консультативтік болжам ретінде қарастырған жөн. Пайдаланылған болжам әдісі жеткілікті ұзақ кезеңде түскен жауын-шашынның жинақталған мөлшерінің алдағы айлардағы ылғалдану жағдайларына әсерін бағалауға негізделген.