Пандемияның қауіпті кезеңі басталды – ДДСҰ

Пандемияның қауіпті кезеңі басталды – ДДСҰ

Пандемияның қауіпті кезеңі басталды – ДДСҰ
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясының өте қауіпті кезеңі басталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, - деп жазды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге арналған құралдары бар, яғни ең алдымен вакциналары бар мемлекеттер шектеулерді жеңілдетіп жатыр. "Осы уақытта тиімді құралдары жоқ елдер ауруханаға түсу жағдайлары мен өлім толқынына тап болды. Жағдайды вирустың жаңа штамдары күрделендіріп отыр", - деді ДДСҰ басшысы. Гебрейесустың пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - елдер арасында тест, вакцина, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тең бөлу. "Бұл зымыран құрастыру да, қайырымдылық та емес. Бұл жалпыға ортақ мүддеге жауап беретін қоғамдық денсаулықты саналы сақтау", - деп қосты ол. Ұйым басшысы жағдай жақсаратынына үміт бар екенін айтты, атап айтқанда, бұл вакциналарды тарататын COVAX бағдарламасы. Ол елдерді осы бағытта күш-жігерді арттыруға шақырды.