Коронавирус: 9 өңір «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: 9 өңір «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: 9 өңір «қызыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәлім таратты. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.