Камчаткадағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың мәйітін судан шығара бастады

Камчаткадағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың мәйітін судан шығара бастады

Камчаткадағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың мәйітін судан шығара бастады
ашық дереккөзі
Құтқарушылар Камчаткада Ан-26 ұшағының құлауы кезінде қаза болғандардың денелерін тауып жатыр, – деп жазды ТАСС агенттігі. «Мәйіттер судан шығарылуда. Олардың санына қатысты әзірге нақты мәлімет бере алмаймыз, жағдай уақыт сайын өзгеріп жатыр», - деді аймақ басшысы Владимир Солодов. В.Солодов оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатқандығын қосып өтті. «Олар процедураларға байланысты шешім қабылдайды. Ауа райы мүмкіндік тудырса, оқиға орнына Петропавлдан Тергеу комитеті тергеу басқармасының сот-медициналық сараптамасы ұшып шығады», - деді ол. Өлкенің үкіметтік комиссиясы апат болған жерге Мәскеу комиссиясы өкілдері Петропавл-Камчатскийге келген кезде ұшып шығады. Мүрделерді тасымалдау бойынша жұмысты толық көлемде ұйымдастырамыз: қажеттілік туындаса, мүрделерді Петропавл немесе Паланаға жеткізу қолға алынады», - деді В.Солодов. Еске сала кетейік, 6 шілдеде Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.