11 жастағы вундеркинд университетті бір жылда аяқтады

Бельгияда 11 жастағы Лоран Симонс Антверпен университетін физика мамандығы бойынша аяқтады, деп хабарлайды lenta.ru.

Лоран бакалавриат бағдарламасын бір жыл ішінде оқып шыққан. Енді ол Фламанд университетінің магистратура бөліміне оқуға түсуге құжат тапсырмақ.

Лоран 2019 жылы Эйндховен техникалық университетінің электротехника факультетіне оқуға түскен болатын. Бірақ оның ата-анасы мен университет әкімшілігінің арасында келіспеушілік туындап, ақыр аяғында ол оқудан шығуға мәжбүр болған.

Айта кетейік, Лоран мектептің алты жылдық курсын бір жарым жылда бітіріп, сегіз жасында 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алған.

Back to top button