Мәжбүрлі вакцинация: Қостанай әкімі наразылық акциясына шыққан тұрғындармен кездесті

Мәжбүрлі вакцинация: Қостанай әкімі наразылық акциясына шыққан тұрғындармен кездесті

Мәжбүрлі вакцинация: Қостанай әкімі наразылық акциясына шыққан тұрғындармен кездесті
ашық дереккөзі
Қостанай қаласының Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды, - деп жазды Tengrinews.kz.  Олар мәжбүрлі вакцинацияны алып тастауды, кәсіпкерлерді айыппұлмен жазалауға тыйым салуды, сондай-ақ, вакцина алмаған адамдарға ПТР-тестілеуді тегін жасауды талап етті. "Үкімет қаулысы заңсыз, менің конституциялық құқығымды бұзады. Акция туралы естіп, ауылдан осында келдім. Сіздер арқылы Президентке үндеу жасағым келеді. Үкіметті отставкаға жіберу керек. Адамдарды неге өздеріне қарсы қояды?", - деді Сұлтан Әбдіғалиев. "Біз орталық базардан келдік, 15 шілдеден бастап жұмысқа кіргізбейміз деді. Пандемия басталған уақытта несие алып, базардағы орнымызды күзеттік. Енді вакцина салдырмасақ, бізді орнымыздан айырғалы тұр. Маған екпе салдыруға болмайды, қан қысымым жоғары, вакцина алғым келмейді", - дейді Галина есімді жергілікті тұрғын. Митингіге келген Қостанай әкімі Қайрат Ахметов айыппұл мәселесін шешуге уәде берді, ал қабылданған шараларды коронавирус жұқтырғандар санының 40 пайызға артуымен түсіндірді. "Сіздің жұмыс берушіңізді шақырып, мән-жайды анықтаймыз. 15 шілдеден бастап жұмысқа кіргізбейді деген ақпарат жалған. Қала әкімі ретінде мәлімдеймін: ірі мекемелер, сауда және ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер бойынша - бұл жалған ақпарат. Жұмыс берушілер дұрыс хабар таратпаған шығар.  Вакцинация - коронавирусты тоқтатудың жалғыз жолы" - деді әкім.