Елорда күніне орай Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары баспаналы болды

Елорда күніне орай Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары баспаналы болды

Елорда күніне орай Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары баспаналы болды
ашық дереккөзі

Өтеген батыр ауылында Астана күніне орай және Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында, "Нұрлы жер" бағдарламасының шеңберінде, несиелік 5-10-20 "Шаңырақ" бағдарламасымен 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

 width= Аудан орталығындағы Қуат ықшам ауданында орын тепкен көпқабатты үйдің құрылысын «Агроспецстрой» компаниясы жүргізді. Үйдің маңына ойын алаңдары салынып, тұрғындарға барлық жағдай жасалды. Салтанатты шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, пәтер иелеріне кілттерін табыс етті. Айта кетейік, пайдалануға берілген түрғын үйге әртүрлі деңгейдегі азаматтар қол жеткізді. Оның ішінде көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті пәтер кезегінде тұрғандар бар. Айта кетейік тұрғын үймен қамтамассыз ету аудан көлемінде әлі де жалғасын табатын болады.  width=