Атырау облысында пойызбен жарысқан жастар айыппұл төлейді

Атырау облысында пойызбен жарысқан жастар айыппұл төлейді

Атырау облысында пойызбен жарысқан жастар айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде жүріп бара жатқан пойызбен жарысқан бір топ адамның видеосы тарады. Оқиға 4 шілде күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз станциясында болған, – деп жазады «Ақ Жайық». Сағыз ауылдық округі желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек Іңірбайдың айтуынша, жергілікті жастар әскерден оралған досын қарсы алған. «Жастар – аудан орталығының, совхоздар мен үш ауылдың тұрғындары. Пойыз станцияда тоқтайды. Бірақ жастардың пойыздың тоқтағанын күтуге шыдамы жетпеген», – дейді Болатбек Іңірбай. Сондықтан Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Олар – вагон баспалдағына жармасып шыққан 18-19 жастағы жігіттер. Хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы («Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды.