Тергеу басталды: Павлодар облысында полиция майоры өзіне қол жұмсады

Ақсу қаласында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

«5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сот алды тергеу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі сот алды тергеу барысында анықталады», – деді Ж.Орымбаев.

Басқа мәліметтер әлі хабарланбады.

Back to top button