Жаңа қаулы: Түркістан облысында карантин талаптары күшейтілді

6 шілде, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жаңа қаулы: Түркістан облысында карантин талаптары күшейтілді «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов өңірдегі карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы қабылдады. Жаңа құжатта коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша Түркістан облысы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату жазылған. Атап айтқанда: Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың аудан, калаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруін шектеу жазылған. Сонымен бірге, қалалық қоғамдық көлік жұмысына сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілген. Онда міндетті түрде маска тағу, санитайзер орнату және 50% толымдылығын сақтау талап етілген. Қаулының толық мәтінін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан оқуға болады.