Өзбекстан президенті Елбасын туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп жазды elbasy.kz.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Тұңғыш Президентін туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен Қазақстан халқының мүддесі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Өзбекстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің көшбасшысы, тиімді реформалардың негізін салушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалардың авторы, сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық серіктестік қатынастарының іргесін қалаушы ретінде үлкен құрметке ие болғанын атап өтті.

Елбасы Шавкат Мирзиёевке жылы лебізі үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды жоғары бағалады.

Back to top button