The Daily Mail: Жақында COVID-19 кәдімгі тұмауға айналады

Жақында коронавирус кәдімгі тұмауға айналады. Бұл туралы The Daily Mail Шығыс Англия университетінің профессоры Пол Хантерге сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, бірнеше жылдан кейін SARS-CoV-2 қауіпті болмайды және тез таралу қабілетін жоғалтады. Хантер бұған адамдардың көбінің коронавируспен ауырғаны және вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқаны ықпал етеді дейді.

Эмори университетіндегі америкалық ғалымдары да тура осындай пікір айтады.

Back to top button