Үндістандағы "қара зең" ауруы тағы бір елге жетті

Үндістандағы "қара зең" ауруы тағы бір елге жетті

Үндістандағы "қара зең" ауруы тағы бір елге жетті
ашық дереккөзі

Гватемала Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "қара зеңнен" болған алғашқы өлім жағдайын растады және бұл жағдайды covid-19-бен байланыстырды.

"Эпидемиолог дәрігер Эдвин Кальгуа расталған мукормикозы ("қара зең") бар науқастың емге қарамастан 29 маусымда қайтыс болғанын айтты", - деп хабарлады ведомство өзінің Twitter-дегі блогында.
Сан-Хуан-де-Диос ауруханасының атқарушы директоры Херардо Эрнандес бұл жағдайдың коронавирус инфекциямен байланысын растады. Мукормикоз немесе "қара зең" - саңырауқұлақ инфекциясынан туындаған асқыну. Ауру қоршаған ортадағы саңырауқұлақ спораларымен байланыста болған адамдарда пайда болуы мүмкін. Ауру диабетпен ауыратындар үшін, сондай-ақ коронавируспен күрескеннен кейін иммунитеті төмендегендер үшін үлкен қауіп төндіреді.