Елбасы QazVaс вакцинасына қатысты пікір білдірді

Елбасы Qazaqstan арнасының «Nur-Sulan. Қолтаңба» деректі фильміне берген сұхбатында отандық QazVaс вакцинасына қатысты пікір білдірді.

«Қазір бізде медициналық-фармацевтикалық хаб құру мүмкіндігі бар. Тек қана өзімізде шығармай, көршілерді де сол дәрімен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде жасанды интеллект бірінші орынға шығып отыр. Алматыда осы бағыттағы университет ашуды қолға алып жатырмын. Оның деңгейі Назарбаев Университеті сияқты болады», – деді Н.Назарбаев.
Елбасы сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы айтты.

«Саланың үлкен болашағы бар. Ауыл шаруашылығы бағытында өндірісті қолға алып, сыртқа экспорттау арқылы мемлекетке қаржы келтіруге болады. Сондықтан жастарға ең алдымен айтарым, білімді болу. Қазір ғылым-білімнің заманы. Ұрпақ соған қарай ұмтылуы керек, сапалы білім алуы керек. Бәріне бірдей университет бітіру мақсат емес. Дүниежүзінде университет бітіргендердің үлесі 10 пайызға да жетпейді. Ең бастысы, қандай мамандық алса да, соның білгірі болу», – деді Елбасы Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Back to top button