Қапшағай қаласында 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Қапшағай қаласында 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Қапшағай қаласында 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
ашық дереккөзі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен елорда күні қарсаңында Қапшағай қаласында 50 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған үйдің кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Нұрлан Құматаев қатысты. Қала басшысы қапшағайлықтарды қоныс тойымен құттықтады.
Биыл баршамыз тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздіктің әрбір жылы еліміз үшін өте маңызды тарихи оқиғалар мен бетбұрыстарға толы болды. Бүгін сол еліміз үшін қастерлі мереке қарсаңында баршаңызға асыға күткен жаңа пәтердің кілттері табысталып отыр. Осы қуанышты күні баршаңызға мол бақыт, ашық аспан, отбасы амандығын тілей отыра, жаңа баспана жаңа қуаныш пен шаттық әкелсін дегім келеді. Қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, ағайын! - деді Нұрлан Құматаев.
 width= Сондай-ақ, ашылу салтанатына Қапшағай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аймақтың Құрметті азаматы Беспаев Амангелді Дәнібекұлы да қатысып, жаңа үй иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, ақ батасын берді. Ивушка шағын ауданы, Степная көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің жалпы құны - 503 214 миллион теңге. Мұндағы бір бөлмелі 10 пәтер 36 шаршы метр болса, екі бөлмелі 25 пәтер 54 шаршы метр, үш бөлмелі 15 пәтер 68 шаршы метр. Жалпы тұрғын үй аумағы 3634,37 шаршы метрді алады. Үйдің құрлысы өткен жылғы шілдеде басталған болатын.