Тәуелсіздік күнтізбесі: 6 шілдеде қандай тарихи оқиғалар болды?

Тәуелсіздік күнтізбесі: 6 шілдеде қандай тарихи оқиғалар болды?

Тәуелсіздік күнтізбесі: 6 шілдеде қандай тарихи оқиғалар болды?
ашық дереккөзі

Бүгін елімізде Елорда күні тойланады. Бұл – 2008 жылғы 25 маусымдағы заңмен бекітілген мемлекеттік мереке.

Мейрамның тарихи-мәдени мән-мағынасы зор. Қала 1830-1961 жылдары Акмолинск деп аталған. Ал 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола болды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. 2019 жылдың 23 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан атауына ие болды. Елорда күні елдің барша өңірінде аталып өтеді. 1994 жылы ҚР жоғарғы кеңесі тұңғыш президенттің ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады. Арада төрт жыл өткеннен кейін астанасының тұсаукесері болды; 2000 жылы астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры ашылды; 2001 жылы елордада Еуразия ұлттық университетінің жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы құрылды; 2005 жылы елордадағы "Синема Сити" кинотеатрында қазақ кинопрокаты тарихындағы ең ірі жоба "Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері болды. Қазақстанның "Ғасыр жобасы" аталған кинотуындыға 34 миллион АҚШ доллары жұмсалды; 2009 жылы Құмкөл даласында "Торғай Петролеум" мұнай компаниясының күшімен сұйытылған газ дайындайтын зауыт іске қосылды; 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев астанада жаңа "Әзірет Сұлтан" мешітін ашты; 2015 жылы астана күніне арналып дайындалған салмағы 700 келіден асатын ет тағамы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.