Ұрып-соғып, бір тиын төлемеген: Маңғыстаулық кәсіпкер 59 жастағы азаматты құлдықта ұстағаны анықталды

ашық дереккөзі

Маңғыстаулық кәсіпкер, шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды,  деп хабарлайды “Хабар 24”.

Оқиға Бейнеу ауданында  болған. Шаруа қожалығының иесі азаматты наурыз айынан бастап қорқытып, ауыр жұмысқа жеккен. Ұрып-соғып, бір тиын төлемеген. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кәсіпкердің кінәсі дәлелденер болса, шаруа иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
“Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері "Стоп-трафик" жедел іс-шарасы кезінде бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Тұрғынның айтуынша, С. есімді ер адам оған күш қолданған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық Полиция бөлімінде тіркелген”, – деді Маңғыстау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.