Каспийде болған жарылыстың себебі анықталды

Каспийде болған жарылыстың себебі анықталды

Каспийде болған жарылыстың себебі анықталды
ашық дереккөзі

Каспий теңізінің Әзербайжандағы секторында қуатты жарылыс болып, қазіргі кезде өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең елдің ТЖМ әуе жасағының тікұшақтары барлау ұшуларын өткізді. Нәтижесінде Сальян ауданы бағытына қарай жағалаудан шамамен 30 шақырым жердегі тасты аралда лайлы жанартаудың атқылау фактісі анықталды. Қазіргі кезде жанартау кратерінде аздаған өртегу байқалып отыр. Жанартау теңіздегі мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа нысандар, сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ», - делінген Әзербайжан ТЖМ мәлімдемесінде.
Теңізде өрт жағдайының орын алуы себебін анықтау үшін оқиға орнына SOCAR (Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниялары) қызметкерлері аттанды. Зерттеу қорытындылары бойынша, компанияның тікелей бақылауындағы теңіз платформалары мен өнеркәсіп нысандарында апат болмағанын және жұмыстың штаттық режимде өтіп жатқаны хабарланды.