Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмінің премьерасына келеді

Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмінің премьерасына келеді

Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмінің премьерасына келеді
ашық дереккөзі

Америкалық режиссер Оливер Стоун Қазақстанға, өзінің "Қазақ. Алтын адамның тарихы" атты Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмінің тұсаукесеріне келеді. Ол бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін фильм продюсері Игорь Лопатенок өзінің YouTube парақшасында фильмнің трейлерін жариялаған болатын. Фильм сегіз бөлімнен тұрады және ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі, сондай-ақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі республиканың тарихын көрсетеді.